- Басты бет
- Жаңалықтар
- Биология және биотехнология факультетінде «Отбасы банк» өкілдерімен кездесу өтті
Биология және биотехнология факультетінде «Отбасы банк» өкілдерімен кездесу өтті
2026 жылғы 23 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультетінде «Отбасы банк» өкілдерінің студенттермен кездесуі өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – студенттерді тұрғын үй бағдарламаларымен, тұрғын үй жинақ жүйесінің мүмкіндіктерімен және болашақта баспана алу жолдарымен таныстыру.
Іс-шара барысында банк өкілдері тұрғын үй жинақ жүйесінің ерекшеліктері, депозит ашу және қаражат жинақтау тәртібі, сондай-ақ баспана сатып алуға арналған бағдарламалар туралы ақпарат берді. Студенттер тұрғын үй жағдайын жақсарту мүмкіндіктері мен баспана алуды алдын ала жоспарлау жөнінде пайдалы мәліметтер алды.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, банк мамандарынан жауап алды. Мұндай кездесулер жастардың қаржылық сауаттылығын арттыруға, тұрғын үй бағдарламалары туралы хабардарлығын кеңейтуге және болашаққа жоспар құруына ықпал етеді.
Биология және биотехнология факультеті студенттердің әлеуметтік мәселелер бойынша хабардарлығын арттыруға және олардың болашаққа сенімді қадам жасауына бағытталған іс-шараларды қолдайды.
Әлеуметтік-тәрбие жөніндегі деканның орынбасары Басыгараев Жандос Махабатович.
Басқа жаңалықтар