- Басты бет
- Жаңалықтар
- Биология және биотехнология факультетінің бірінші курс студенттері үшін тимбилдинг ұйымдастырылды
Биология және биотехнология факультетінің бірінші курс студенттері үшін тимбилдинг ұйымдастырылды
2026 жылғы 4 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультетінің бірінші курс студенттері үшін Түргенсайда тимбилдинг ұйымдастырылды. Табиғат аясында өткен іс-шара студенттердің өзара қарым-қатынасын нығайтуға, топтық бірлігін қалыптастыруға және университет өміріне бейімделуіне бағытталды.
Тимбилдингтің басты мақсаты – студенттер арасында достық пен сенімді нығайту, командалық жұмыс дағдыларын дамыту, көшбасшылық қабілеттерін жетілдіру және ұйымшыл студенттік орта қалыптастыру. Оқу жылының алғашқы кезеңінде ұйымдастырылған бұл кездесу бірінші курс студенттеріне бір-бірімен жақынырақ танысып, ортақ қызығушылықтарын бөлісуге мүмкіндік берді.
Іс-шараға факультеттің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жандос Махабатович Басыгараев пен студенттік декан Шәді Нұрасыл Алтайұлы қатысты. Олар студенттердің белсенділігін арттыруға, өзара ынтымақтастығын нығайтуға және факультет өміріне белсенді араласуына бағытталған бастамаларды қолдады.
Түргенсайдың көркем табиғаты аясында өткен тимбилдинг студенттерге еркін қарым-қатынас орнатуға, жаңа достық байланыстар қалыптастыруға және командалық рухты сезінуге мүмкіндік берді. Бірлескен іс-шара жастардың бастамашылдығын арттырып, өзара сыйластық, жауапкершілік пен ұйымшылдық құндылықтарын нығайтуға ықпал етті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да студенттердің жан-жақты дамуына, әлеуметтік бейімделуіне және белсенді студенттік өмір қалыптастыруына ерекше мән беріледі. Осындай тәрбиелік іс-шаралар жастардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, тұлғалық әлеуетін ашуға және университет қауымдастығымен байланысын нығайтуға жол ашады.
Түргенсайда өткен тимбилдинг бірінші курс студенттері үшін жаңа достықтың, бірліктің және жарқын студенттік өмірдің бастауы болды.
Әлеуметтік-тәрбие жөніндегі деканның орынбасары Басыгараев Жандос Махабатович


Басқа жаңалықтар