- Басты бет
- Жаңалықтар
- Математика кафедрасының магистранттары мен докторанттары халықаралық конференцияға қатысты
Математика кафедрасының магистранттары мен докторанттары халықаралық конференцияға қатысты
2026 жылғы 7–11 қазан аралығында Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Информатика және қолданбалы математика» атты XI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция аясында информатика, қолданбалы математика, математикалық модельдеу, жасанды интеллект, деректер туралы ғылым, киберқауіпсіздік және заманауи цифрлық технологиялар салаларындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Конференцияға Математика кафедрасының магистранттары мен докторанттары қатысып, ғылыми баяндамаларды тыңдады және секциялық отырыстардың жұмысына белсенді атсалысты.
Аталған іс-шара жас зерттеушілердің ғылыми білімін тереңдетуге, зерттеу тәжірибесін жетілдіруге, заманауи ғылыми бағыттармен танысуына және кәсіби байланыстарын кеңейтуіне мүмкіндік берді.
Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының №4 «Сапалы білім», №9 «Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым» және №17 «Тұрақты даму жолындағы әріптестік» бағыттарының жүзеге асырылуына ықпал етеді.
Математика кафедрасының меңгерушісі: Тлеулесова А.М.
Математика кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары: Буканай Н.Ұ.