Кангужин Балтабек Есматұлына арнайы алғыс хат табысталды — ҚазҰУ

Кангужин Балтабек Есматұлына арнайы алғыс хат табысталды

1 қазан 2026
Кангужин Балтабек Есматұлына арнайы алғыс хат табысталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылымы мен білімінің дамуына қосқан көпжылдық еңбегі үшін Кангужин Балтабек Есматұлына университет атынан арнайы алғыс хат табысталды.

Алғыс хатта ғалымның көпжылдық ғылыми-педагогикалық қызметі, кәсіби білімі мен мол тәжірибесінің университеттің ғылыми ортасын дамытуға және кейінгі буын зерттеушілерін қолдауға қосқан үлесі ерекше атап өтілді.

Кангужин Балтабек Есматұлының математика ғылымын дамытуға, ғылыми дәстүрлерді нығайтуға және отандық ғылымның халықаралық ғылыми кеңістіктегі беделін арттыруға бағытталған еңбегі зор құрметке лайық.

Математика кафедрасының ұжымы Кангужин Балтабек Есматұлына зор денсаулық, шығармашылық табыс және жаңа ғылыми жетістіктер тілейді.

Аталған бастама Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының №4 «Сапалы білім» және №9 «Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым» бағыттарына сәйкес келеді.

Математика кафедрасының меңгерушісі: Тлеулесова А.М.  
Математика кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары: Буканай Н.Ұ.