Ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілд
1 қазан – Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күніне орай Математика кафедрасында ардагер ұстаздарға арналған мерекелік кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге кафедраның дамуына, білім мен ғылым саласының өркендеуіне елеулі үлес қосқан ардагер ұстаздар шақырылды. Іс-шара барысында ардагерлердің көпжылдық жемісті еңбегі мен жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы қызметі ерекше атап өтіліп, оларға шынайы алғыс білдірілді.
Мерекелік дастархан басында кафедра ұжымы мен ардагер ұстаздар жылы жүздесіп, еңбек жолындағы естеліктерімен бөлісті. Ұрпақтар сабақтастығын дәріптеген кездесуде ардагер ұстаздарға ұлттық дәстүрге сай шапан жабылып, ерекше құрмет көрсетілді.
Іс-шара ұстаз еңбегін ұлықтауға, ардагерлерге құрмет көрсетуге және кафедрадағы ізгі дәстүрлер мен ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталды.
Аталған іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының №4 «Сапалы білім» және №8 «Лайықты еңбек және экономикалық өсу» бағыттарына сәйкес келеді.
Математика кафедрасы