Математика кафедрасының аға оқытушысы Қытайда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді — ҚазҰУ

Математика кафедрасының аға оқытушысы Қытайда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді

1 қазан 2026
Математика кафедрасының аға оқытушысы Қытайда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді

2026 жылғы 7–26 қыркүйек аралығында Математика кафедрасының аға оқытушысы Б. Өзбекбай Қытай Халық Республикасының Харбин қаласындағы Harbin Institute of Technology (HIT) жанындағы Institute for Advanced Study in Mathematics институтында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Ғылыми сапар барысында оқытушы институттың зерттеу бағыттарымен танысып, шетелдік ғалымдармен тәжірибе алмасты және кәсіби байланыстар орнатты. Сапар математиканың заманауи бағыттары бойынша білім мен зерттеу тәжірибесін жетілдіруге, сондай-ақ халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік берді.

Іссапарға байланысты жол жүру, тұру және басқа да қажетті шығындар қабылдаушы тарап – Harbin Institute of Technology жанындағы Institute for Advanced Study in Mathematics институтының есебінен өтелді.

Аталған ғылыми сапар Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының №4 «Сапалы білім», №9 «Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым» және №17 «Тұрақты даму жолындағы әріптестік» бағыттарының жүзеге асырылуына ықпал етеді.

Математика кафедрасының меңгерушісі: Тлеулесова А.М.  
Математика кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары: Буканай Н.Ұ.