Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы SciVal платформасымен таныстыру жұмысын жүргізді — ҚазҰУ

Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы SciVal платформасымен таныстыру жұмысын жүргізді

16 қазан 2026
Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы SciVal платформасымен таныстыру жұмысын жүргізді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы профессор-оқытушылар құрамы (ППҚ) мен докторанттарға арналған Elsevier компаниясының SciVal ғылыми-талдамалық платформасының мүмкіндіктерін таныстыру және түсіндіру бойынша ақпараттық жұмыс жүргізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты - ғылыми қызметкерлер мен жас зерттеушілердің заманауи ғылыми-ақпараттық ресурстарды пайдалану дағдыларын дамыту, ғылыми жарияланымдардың көрсеткіштерін талдау мүмкіндіктерімен таныстыру және зерттеу қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал ету.

Платформаны пайдалану, әсіресе, докторанттар үшін ғылыми зерттеулерін жоспарлау, өз зерттеу саласындағы жетекші ғылыми бағыттарды анықтау, әлеуетті ғылыми серіктестерді іздеу және жарияланымдық стратегияны қалыптастыру тұрғысынан маңызды. Ал профессор-оқытушылар құрамы үшін SciVal ғылыми қызметтің нәтижелерін жүйелі талдауға, ғылыми ынтымақтастықты дамытуға және зерттеу жұмыстарының халықаралық деңгейдегі көрсеткіштерін бағалауға мүмкіндік береді.

Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы ғылыми қызметті қолдауға, зерттеушілердің кәсіби құзыреттерін жетілдіруге және университеттің ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруды көздейді.

SciVal платформасын тиімді пайдалану ғылыми қызметтің нәтижелерін талдауға, зерттеу бағыттарын стратегиялық тұрғыдан жоспарлауға және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етеді.