ҚазҰУ-да «ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміндегі Иран: суреттердегі тарих» атты фотокөрме ашылды — ҚазҰУ

ҚазҰУ-да «ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміндегі Иран: суреттердегі тарих» атты фотокөрме ашылды

16 қазан 2026
ҚазҰУ-да «ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміндегі Иран: суреттердегі тарих» атты фотокөрме ашылды

Бүгін, 2026 жылғы 16 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде айтулы мәдени іс-шара өтті. Университет музейі, тарих факультеті және Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының бірлесе ұйымдастыруымен «ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміндегі Иран: суреттердегі тарих» атты фотокөрменің салтанатты ашылуы болып өтті.

Салтанатты іс-шараға Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының өкілдері, ҚазҰУ басшылығы, тарих факультетінің деканы бастаған оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер қатысты.

Көрменің басты мақсаты — адамзат өркениетінің көне ошақтарының бірі болған Иран елінің ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген 29 материалдық тарихи мұра нысанын деректі фотосуреттер арқылы көпшілік назарына ұсыну. Экспозицияда б.з.д. V мыңжылдыққа жататын ежелгі Шахр-е Сухте археологиялық кешені, 2500 жылдық тарихы бар әйгілі Персеполь сарайлары, ежелгі Хегматана (Экбатана) қаласы, Исфахан мен Йездтің архитектуралық ансамбльдері, Гиркан ормандары мен ежелгі кәріз, керуенсарай және парсы бақтарының таңғажайып көріністері орын алған.

Көрме ҚазҰУ-дың Бас ғимаратындағы университет музейінде 2026 жылдың 30 қазанына дейін жалғасады. Барша ұстаздарды, студенттерді және қала қонақтарын тағылымы мол фотокөрмені тамашалауға шақырамыз!

#ҚазҰУ #ТарихФакультеті #ЮНЕСКО #Иран #Көрме #KazNU #Фотокөрме