Абайдың «Толық адам» концепциясы: Абай армандаған кемел тұлға — ҚазҰУ

Абайдың «Толық адам» концепциясы: Абай армандаған кемел тұлға

16 қазан 2026
Абайдың «Толық адам» концепциясы: Абай армандаған кемел тұлға

Абайдың «Толық адам» концепциясы – Абай армандаған кемел тұлға

Ботаника және агроэкология кафедрасының 6В05102 – Биология білім беру бағдарламасының 1-курс студенттерімен «Абайдың “Толық адам” концепциясы – Абай армандаған кемел тұлға» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатының мақсаты – студенттерге ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының адамгершілік мұрасын таныстыру, «Толық адам» ілімінің мәнін түсіндіру және жастардың бойында ізгілік, әділдік, жауапкершілік пен еңбекқорлық қасиеттерін қалыптастыру.

Іс-шара барысында Абайдың «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» қағидалары талқыланып, білімге ұмтылу, адал еңбек ету, ар-ұятты сақтау және адамға құрметпен қараудың маңыздылығы айтылды. Студенттер өз ойларымен бөлісіп, кемел тұлға болудың негізгі құндылықтарын саралады.

Абай мұрасы – жас ұрпақты рухани кемелдікке, парасаттылыққа және адамгершілікке тәрбиелейтін баға жетпес қазына.

Куратор-эдвайзер: Қожахметова Аружан