«Болашаққа сенімді қадам» атты кездесу өтті
2026 жылғы 16 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінде математика кафедрасының кураторы Мүтиголлаева Данагүлдің бастамасымен, Атахан Нулипар, Конисбаева Куралай, Шәкір Айдос, Авилтай Наурызбай, Мухамбеткалиев Мурат, Буканай Нұрайым, Аузерхан Гауһар «Болашаққа сенімді қадам» тақырыбында банк және сақтандыру саласының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге «Халық» сақтандыру компаниясының өңірлік директоры Қазмағанбетова Гүлмира Есембаевна және NOMAD Life компаниясының корпоративтік сақтандыру жөніндегі басқарушы директоры Қадиша Бөлегенова қатысты.
Іс-шара барысында сала мамандары студенттерге қаржы саласындағы заманауи үрдістер, кәсіби даму жолдары, жұмысқа орналасу және тағылымдамадан өту мүмкіндіктері туралы құнды ақпарат берді. Сонымен қатар қаржылық сауаттылықты арттыру мәселелері талқыланып, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандармен ашық пікір алмасты.
Кездесудің басты мақсаты – "8-ТДМ Лайықты жұмыс пен экономикалық өсу" бағадарында өтілді. Студенттердің кәсіби бағдарын қалыптастыру, еңбек нарығындағы мүмкіндіктермен таныстыру және болашақ маман ретінде дамуына бағыт-бағдар беру.
Осындай тағылымды кездесулер студенттердің білімін тәжірибемен ұштастыруға, жаңа мүмкіндіктерді тануға және болашаққа нық қадам жасауына ықпал етеді.


Механика математика факультеті математика кафедрасы Кураторлар: Мүтиголлаева Д., Аузерхан Г., Атахан Н.
Басқа жаңалықтар