- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚР Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығы және Түркі әлемі Ұлттық академиялар одағының 9-отырысы
ҚР Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығы және Түркі әлемі Ұлттық академиялар одағының 9-отырысы
Алматы қаласындағы «Ғылым ордасында» ҚазақстанРеспубликасы Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылымакадемиясының 80 жылдығына арналған жиын және Түркіәлемі Ұлттық академиялар одағы Бас Ассамблеясының 9-отырысы өтті.
Аталған іс-шараға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттықуниверситеті Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары қатысты. ЖиынғаҚазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Түркияжәне Моңғолия Ғылым академияларының өкілдері, ғалымдар мен зерттеушілер жиналды. Іс-шара барысындаҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылымакадемиясы Басқарма Президенті, академик АқылбекКүрішбаев және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев баяндама жасады.
Кездесуде ұйымның өткен жылдардағы жұмыс нәтижелеріқорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгіміндеттер айқындалды. Атап айтқанда, Түркі әлемініңинституционалдық желісін құру, бірыңғай координациялықашық жүйені енгізу және ортақ мега-гранттардықаржыландыру сияқты басым бағыттар талқыланды. Сессия жұмысы түркі тілдес елдердің ғылыми әлеуетін біріктіругебағытталған практикалық шешімдер қабылдаумен аяқталды.
Басқа жаңалықтар