Шығыстану факультетінде «Таза Қазақстан» – жарқын болашаққа бастар қадам тақырыбында студенттік семинар өтті — ҚазҰУ

Шығыстану факультетінде «Таза Қазақстан» – жарқын болашаққа бастар қадам тақырыбында студенттік семинар өтті

16 қазан 2026
Шығыстану факультетінде «Таза Қазақстан» – жарқын болашаққа бастар қадам тақырыбында студенттік семинар өтті

16 қазанда Шығыстану факультетінде жасыл, қауіпсіз және экологиялық таза қалалық ортаны құруға бағытталған 11-ші «Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар» тұрақты даму мақсатын іске асыру аясында Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушылары мен студенттері «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық бастамасын қолдау мақсатында эдвайзерлік іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты жастар арасында экологиялық хабардарлықты арттыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және тұрақты қала құрылысы, көгалдандыру, қоғамдық кеңістікті жақсарту және қалдықтарды тиімді басқару саласындағы халықаралық тәжірибені талқылау болды.

Кездесу интерактивті семинар форматында болды, оған араб тілі бөлімінің 2-ші курс студенттері: Ш. Аслан К. Жания, К. Әлжан; урду тілі бөлімінің студенттері: Н. Айбике, А. Аружан (3 курс), Т. Атиятусалам (1 курс); және хинди тілі бөлімінің студенті: Ы. Абылай (2 курс) қатысып, тақырыпты өздерінің оқитын шығыс елдері тәжірибесімен байланыстыра отырып, қызықты баяндамаларын ұсынды. Қатысушылар қазіргі экологиялық мәселелерді қозғап, өз пікірлерімен бөлісіп, Қазақстанда халықаралық тәжірибені қолдану мүмкіндіктерін талқылады. Жеке жауапкершіліктің, экологиялық әдеттердің және жастардың таза және жайлы қалалық ортаны құрудағы үлесіне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, парсы бөлімінің докторанты О. Гаухардың Иранның қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешудегі тәжірибесі туралы қызықты фактілерді ұсынған баяндамасы да іс-шараны ерекшелендірді. Бұл мысалдар кеңірек талқылауға және әртүрлі елдер мен мәдениеттер контексінде тұрақты даму мәселелерін қарастыруға мүмкіндік берді. Іс-шара соңында студенттерге сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

 

 

Мұндай кездесулерді өткізу жастар арасында азаматтық жауапкершілікті нығайтуға, мәдениетаралық диалогты дамытуға және тұрақты даму қағидаттарын насихаттауға көмектеседі. «Таза Қазақстан» бастамасын қолдау арқылы студенттер мен оқытушылар экологиялық жауапты қоғамның дамуына және таза, қауіпсіз және гүлденген болашаққа үлес қосуда. 

Таза Қазақстан әрқайсымыздан басталады!

Исмагулова С. А., Төлегенов К.

ТШжОА кафедрасының оқытушы-эдвайзерлері