- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы аясында зияткерлік құқықтарды қорғау мәселелері талқыланды
ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы аясында зияткерлік құқықтарды қорғау мәселелері талқыланды
2026 жылғы 8 қазанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия және химиялық технология факультетінде студенттерге арналған «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы аясындағы азаматтардың зияткерлік құқықтары» тақырыбында дәріс өткізілді. Іс-шара Қазақстан Республикасының 2026 жылғы жаңа Конституциясының негізгі ережелерін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында ұйымдастырылды.
Дәрістің негізгі спикері ретінде заң магистрі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, заң факультетінің, азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы, Қазақстан Республикасының 2026 жылғы Конституциясына түсініктеменің қосалқы авторы Худайбердина Гульнура Азраталиевна сөз сөйледі.
Дәріс барысында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қатысты негізгі ережелері, сондай-ақ оларды зияткерлік меншік саласында іске асыру және қорғау мәселелері қарастырылды. Зияткерлік қызмет нәтижелерін, авторлық және сабақтас құқықтарды құқықтық қорғауға, сондай-ақ зияткерлік құқықтарды қорғаудың заманауи механизмдеріне ерекше назар аударылды.
Дәріс аясында Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, елдің зияткерлік аясын дамытуға, ғылыми және инновациялық қызметті қолдауға, сондай-ақ зияткерлік меншікті құқықтық қорғау механизмдерін жетілдіруге қатысты негізгі ережелері мен маңызды Жолдаулары да талқыланды. Аталған бағыттар жастар мен ғылыми мамандарына қатасты себебі олар болашақ зияткерлік меншік объектілерінің авторлары болуы мүмкін.
Дәріс тақырыбы химия және химиялық технология факультетінің студенттері үшін ерекше өзекті болды. Себебі болашақ мамандар кәсіби қызметі барысында ғылыми тууындыларға, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің және зияткерлік қызметтің өзге де объектілердің авторлары бола алады. Осыған байланысты патенттік құқық саласындағы авторлардың құқықтарын қорғау және қорғау мәселелері, оларды іске асыру ерекшеліктері, сондай-ақ бұзылған зияткерлік құқықтарды қорғаудың құқықтық механизмдері жан-жақты қарастырылды.
Сонымен қатар цифрландыру жағдайында зияткерлік меншікті қорғау мәселелеріне айрықша назар аударылды. Студенттерге зияткерлік қызмет нәтижелерін цифрлық ортада пайдалану ерекшеліктері, авторлық мәселелері, айрықша құқықтарға билік ету және құқық иеленушілердің құқықтарын бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.
Іс-шара ашық диалог нысанында өтті. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, ғылыми және кәсіби қызметке байланысты мысалдар келтірді. Алынған білім болашақ мамандар үшін практикалық маңызға ие, өйткені олар оқу барысында-ақ зияткерлік қызмет нәтижелерін жасап, олардың құқықтық қорғалу механизмдерін түсінуге қажеттілікке ие.
Осындай іс-шараларды өткізу студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, зияткерлік меншік саласындағы өз құқықтары туралы білімдерін кеңейтуге, сондай-ақ зияткерлік қызмет нәтижелерін құқықтық қорғау және қорғау тетіктерін түсінуге ықпал етеді.