«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ҚОРЫТЫНДЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ — ҚазҰУ

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ҚОРЫТЫНДЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

14 қазан 2026
«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ҚОРЫТЫНДЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

 

2026 жылғы 14 қазанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Құқығың өз қолыңда» жобасының қорытынды конференциясы өтті.

Іс-шараға ҚазҰУ заң факультетінің Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры Нурахметова Гульмира Галиевна және оқытушы Тұрысбек Асем Берікқызы қатысты.

Конференцияның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайтуға бағытталды.

Іс-шараға Алматы қаласы әкімдігінің, құқық қорғау органдарының, заң саласының және академиялық қауымдастықтың өкілдері қатысты.

Конференция барысында «Қаладағы заң» квестінің қорытындысы шығарылып, белсенді қатысушылар марапатталды.

Заң мен тәртіп – құқықтық мемлекеттің берік негізі!