2026 жылғы 17 қазанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультеті, «Құқықтану» мамандығының 107-топ студенттері эдвайзер Тұрсынқұлова Д.А. жетекшілігімен университет аумағында ұйымдастырылған сенбілікке белсенді қатысты.
Сенбілік барысында студенттер университет аумағын тазалап, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және кампусты абаттандыруға өз үлестерін қосты.
Мұндай іс-шаралар жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа деген жауапкершілігін арттырады. Тазалықты сақтау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!