"6B05109- Нейроғылым" білім беру бағдарламасының 2 курс мен 4 курс студенттерінің қатысуымен «Жастардың қаржылық мәдениеті» тақырыбында ашық сұхбат форматында кураторлық сағат өткізілді — ҚазҰУ

"6B05109- Нейроғылым" білім беру бағдарламасының 2 курс мен 4 курс студенттерінің қатысуымен «Жастардың қаржылық мәдениеті» тақырыбында ашық сұхбат форматында кураторлық сағат өткізілді

15 қазан 2026
"6B05109- Нейроғылым" білім беру бағдарламасының 2 курс мен 4 курс студенттерінің қатысуымен «Жастардың қаржылық мәдениеті» тақырыбында ашық сұхбат форматында кураторлық сағат өткізілді

"6B05109- Нейроғылым" білім беру бағдарламасының 2 курс мен 4 курс студенттерінің қатысуымен «Жастардың қаржылық мәдениеті» тақырыбында ашық сұхбат форматында кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру, жеке бюджетті тиімді жоспарлау, қаражатты ұтымды пайдалану және қаржылық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру. 

Кездесу барысында студенттер кірістер мен шығыстарды басқару, жинақ қалыптастыру, кредиттер мен депозиттердің ерекшеліктері, сондай-ақ қаржылық алаяқтықтан қорғану жолдарын талқылады. Интерактивті тапсырмалар, өмірлік жағдаяттарды талдау және пікірталас арқылы қатысушылар саналы қаржылық шешім қабылдаудың маңызын қарастырды. Іс-шара жастардың қаржылық мәдениетін дамытуға және алған білімдерін күнделікті өмірде тиімді қолдануға бағытталды.