ҚазҰУ дзюдошылары халықаралық турнирде жүлдегер атанды — ҚазҰУ

ҚазҰУ дзюдошылары халықаралық турнирде жүлдегер атанды

19 қазан 2026
ҚазҰУ дзюдошылары халықаралық турнирде жүлдегер атанды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің 1-курс студенттері Нұрсұлтан Зайзағалиев пен Шынар Абатова ересектер арасында өткен «Aktau Asian Open 2026» халықаралық дзюдо турнирінің қола жүлдегері атанды.

Нұрсұлтан Зайзағалиев ерлер арасындағы 66 келі салмақ дәрежесінде үшінші орынды еншілесе, Шынар Абатова әйелдер арасында 78 келі салмақта қола медальға қол жеткізді. 

Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбелік жоспарына енген халықаралық жарысқа Қазақстан, Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Черногория, Ресей және Өзбекстан елдерінен барлығы 182 спортшы (111 ер адам, 71 әйел) қатысып, бақ сынады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі