«Таза Қазақстан»: табиғатқа қамқорлық – болашаққа қамқорлық
Молекулалық биология және генетика кафедрасының студенттері мен оқытушылары «Таза Қазақстан» жобасы аясында ұйымдастырылған сенбілікке қатысып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ортақ іске атсалысты.
Іс-шара барысында қатысушылар оқу орнының аумағын ретке келтіріп, тазалықты сақтау әр адамның күнделікті міндеті екенін көрсетті. Бірлескен еңбек арқылы студенттер қоршаған ортаға деген жанашырлықтарын танытып, табиғатты аялаудың маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Биология саласының өкілдері ретінде кафедра ұжымы тіршіліктің үйлесімділігін сақтаудың және табиғи ортаны қорғаудың маңыздылығын жақсы түсінеді. Осындай бастамалар жастардың экологиялық санасын қалыптастырып, жауапкершілік пен ұйымшылдық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.
Табиғатты аялау – әрқайсымыздан басталады! Таза орта – жарқын болашақтың негізі.
Басқа жаңалықтар