Жасушалық деңгейдегі іргелі зерттеулерге бағытталған еңбек — ҚазҰУ

Жасушалық деңгейдегі іргелі зерттеулерге бағытталған еңбек

19 қазан 2026
Жасушалық деңгейдегі іргелі зерттеулерге бағытталған еңбек

Тамара Шалахметова – биология ғы­лы­мы­ның докторы, профессор әрі елі­міз­ге та­нымал көр­некті ғалым. 1975 жылы ҚазМУ-дың био­ло­гия факультетінің Цито­ло­гия және гистология кафе­драсын та­мам­дады. Ғы­лы­ми жолын КСРО Ғы­лым ака­демиясының Цитология инс­ти­­ту­тында (Ленинград қ.) аспирантурада жал­ғас­тырып, 1981 жылы «Цитология» мамандығы бойын­ша кан­ди­дат­тық дис­сер­та­циясын қор­ға­ды. 1989 жылдан бас­тап Тамара Минаж­қы­зының еңбек жолы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен тығыз байланысты. 1999 жылы «Өсіп келе жат­қан ағзаға ауыр металдардың ге­патотоксикалық әсерінің жасушалық меха­низм­дері» тақыры­бын­да доктор­лық диссерта­ция қорғап, 2002 жылы про­фес­сор атағын ал­ды.

Профессор 42 жылдан астам ғылыми-педагогикалық тәжірибесі бар, әріптестері мен студенттер арасында зор беделге ие ма­ман. Ол бакалавриат, магистратура және докто­ран­тура деңгейлерінде «Жа­су­­ша биологиясы», «Ісік жасушалары», «Дің­гекті жасушалар және жасу­ша­лық тера­пия», «Жасушалардың қартаюы және ан­ти­эйджинг» сияқты заманауи пәндерді оқытады. Ғалым осы курстар бойынша типтік бағ­дар­ламалар мен оқу-әдістемелік кешен­дер­дің авторы. Сондай-ақ білім беру бағдар­ла­маларының үйлестірушісі қыз­ме­тін атқарған. Көрнекті ғалымның жетекші­лі­гімен 6 канди­дат­тық және 5 PhD док­торлық дис­сертация қорғалған. 

Тамара Шалахметова АҚШ, Ұлыбри­та­ния, Франция, Германия және Австрияның ғылыми орталықтарында тағылымдама­дан өткен. Сон­дай-ақ Ресей ғылым ака­де­миясының (РАН) Жасушалық биология жөніндегі ғылыми кеңе­сінің мүшесі. 300-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде халықаралық рейтингі жоғары журналдар­дағы мақалалар мен өнертабыс­тар­дың авторы. Ғылыми журналдар редакция­сы­ның мүшесі: «ҚазҰУ Хабаршысы. Эко­логиялық серия», «Internatonal Journal of Biology and Chemistry».

Ғылым мен білім беру саласындағы ерен еңбегі үшін 2026 жылы профессор Тамара Минажқызы академик Н.Базанова атындағы медальмен марапатталды.

Т.Шалахметованың ғылыми қызметі жасу­ша­лық деңгейдегі іргелі зерттеулерге бағыт­талған. Ғалым бірқатар ғылыми бағ­дар­ламалар мен гранттық жобалардың (ір­гелі, қолданбалы, халықаралық) жетек­ші­сі. Ол Францияның сыртқы істер минис­тр­лігі қаржыландырған және Пьер мен Мари Кюри атындағы универ­си­тет (Па­риж, Франция) ғалымдарымен бірле­сіп орын­далған ECO-NET халықаралық жо­ба­сы­ның, сондай-ақ БҰҰ (2008-09 жж.), ХҒТОР (МНТЦ) және БҰҰ тарапынан қар­жы­лан­дырыл­ған экологиялық жобалар­дың жетекшісі болды.

Соңғы ғылыми жобаларының бірі – «Қа­­зақ­стан­да кеңінен қолданылатын пес­ти­цид­тердің (Солито, Гулливер, Рейнбоу) токсикоге­не­тикалық әсерін биообъек­ті­лерге зерттеу» (ЖТН AP26101681). Аталған жоба аясында Қа­зақ­станда кеңінен қол­да­­нылатын пестицид­тер­дің токсико­ге­не­ти­­калық әсерінің жасушалық меха­низм­дері түрлі тест-объектілер мен зама­науи тест-жүйелерді қолдану арқылы зерт­те­леді.

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кеше­нін­де пестицидтерді қолданудың артуы экологиялық және медико-биологиялық қауіптердің күшеюіне алып келіп отыр. Қолданыстағы нор­мативтік реттеуге қа­ра­мастан, кеңінен қолда­ны­латын пре­па­раттардың, әсіресе жаңа әсер ететін зат­тар мен олардың комбина­ция­ла­рының ток­сикалық және генотоксикалық әсер­лері жеткілікті деңгейде зерттелмеген. Әсі­ресе күріш егістіктері жағдайында және су ресурс­та­рын қарқынды пайдалану кезінде пести­цид­тер­дің су экожүйелерінде жиналу ықтималдығы артып, олардың био­таға әсері күшейеді.

Осыған байланысты жобада пес­ти­цид­тердің токсикогенетикалық әсеріне ке­шенді бағалау жүргізіледі. Бұл эколо­гия­лық қауіпсіздікті ғылыми негіздеуге және оларды қолдану тәжі­ри­бесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Жобаның негізгі артық­шы­лығы – кешенді тәсілінде: пестицидтер мен олардың комби­нацияларының токси­ка­лық және генотоксикалық әсерлері зерт­ханалық және табиғи жағдайларда бір мезгілде бағаланады. Зерттеу Қазақ­стан­ның нақты агроэкожүйелеріне және өңірде кеңінен қолданылатын препа­рат­тарға бағытталған. Заманауи биотесттер мен пәнаралық әдістерді қолдану алынған нәтижелердің сенімділігі мен практикалық маңыздылығын арттырады. 

Қазақстан Республикасының қор­ша­ған ортасының бірқатар басым лас­та­ғыш­тарының (ауыр металдар, мұнай, мұнай өнім­дері, пестицидтер және т.б.) токси­ко­ге­нетикалық әсер ету механизмдері зерт­телді. Антропо­ген­дік әсерге ұшыраған өңір­лерде мекендейтін жануарлар био­топ­тарының экологиялық жағдайын ба­ғалауға арналған тест-объектілер мен тест-жүйелер анықталды. Алынған нә­ти­желер негізінде қоршаған ортаны лас­тайтын өндірістердің экологиялық тәуе­ке­лі есептелді.

Гүлзат НҰРМОЛДАҚЫЗЫ