- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасында ғылыми семинар мен кафедра отырысы өтті
Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасында ғылыми семинар мен кафедра отырысы өтті
2026 жылғы 19 қазанда Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасында докторанттардың диссертациялық зерттеулерін талқылауға, профессор-оқытушылар құрамының ғылыми жарияланымдар белсенділігін арттыруға және кафедраның индикативтік жоспарын іске асыруға арналған ғылыми семинар мен кафедра отырысы өтті.
Ғылыми семинар аясында кафедрада бітіруші курс докторанты Қалмықбаева Айжанның және кафедра түлегі Қасымова Ақботаның ғылыми баяндамалары тыңдалды. Қасымова Ақбота екінші ғылыми семинар шеңберінде диссертациялық зерттеуінің нәтижелерін ұсынды.
Қалмықбаева Айжан «Әлеуметтік жұмыс білімі мен тәжірибесіндегі сыни рефлексия және индигенизация» тақырыбында ғылыми баяндама жасады. Оның отандық ғылыми кеңесшісі - Мұстафина Айгүл Сергеевна, PhD, Нархоз университеті Гуманитарлық мектебінің қауымдастырылған профессоры, шетелдік ғылыми кеңесшісі — Марцин Борычко (Marcin Boryczko), PhD, Гданьск университетінің қауымдастырылған профессоры, әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі (Польша).
Қасымова Ақбота «Қазақстандағы ағза мүшелері донорлығы: зерттеудің әлеуметтік контексті» тақырыбында ғылыми баяндама ұсынды. Оның отандық ғылыми кеңесшісі - Омарова Әсем Тұрдыбекқызы, PhD, шетелдік ғылыми кеңесшісі- Кэти Стромиль Голден, PhD, Миссисипи университетінің профессоры, академиялық мәселелер жөніндегі проректоры (АҚШ).
Ғылыми семинар барысында ұсынылған зерттеулердің өзектілігі, ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы, әдіснамалық тәсілдері және диссертациялық жұмыстарды одан әрі жетілдіру перспективалары талқыланды. Ғылыми зерттеулердің сапасын арттыруға және диссертациялық жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстарға ерекше назар аударылды.
Кафедра отырысы барысында профессор-оқытушылар құрамы мен докторанттардың ғылыми жарияланымдар белсенділігін арттыру, сондай-ақ Scopus және Web of Science халықаралық дерекқорларында индекстелетін рецензияланатын ғылыми журналдарда мақалалар жариялау мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар ғылыми әдебиеттерді іздеу, жарияланым көрсеткіштерін талдау, ғылыми журналдарды таңдау және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту мақсатында ScienceDirect, SciVal, Leap Space және басқа да ғылыми-аналитикалық платформаларды пайдалану мүмкіндіктері талқыланды.
Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі - кафедраның 2026-2027 оқу жылына арналған индикативтік жоспарын талқылау болды. Ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі көрсеткіштерін орындау, ғылыми жарияланымдардың сапасын арттыру, халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу және кафедраның зерттеу әлеуетін дамыту мәселелеріне назар аударылды.
Ғылыми семинар мен кафедра отырысының қорытындысы бойынша ғылыми зерттеулердің сапасын арттыруға, академиялық ынтымақтастықты дамытуға және Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының ғылыми әлеуетін нығайтуға бағытталған алдағы ғылыми-зерттеу қызметінің басым бағыттары айқындалды.
Басқа жаңалықтар