- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Өмірге құштарлық» психологиялық тренингі «Өмірдің құндылығы және эмоционалдық әл-ауқат»
«Өмірге құштарлық» психологиялық тренингі «Өмірдің құндылығы және эмоционалдық әл-ауқат»
15 қазан күні География және табиғатты пайдалану факультетінде психолог маманның қатысуымен «Өмірге құштарлық» тақырыбында психологиялық тренинг және мотивациялық кездесу өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің психологиялық саулығын қолдау, өмірдің құндылығын түсіндіру, эмоционалдық тұрақтылықты нығайту және қиындықтарды еңсеру дағдыларын дамыту.

Кездесу барысында қатысушылар өз эмоцияларын түсіну, ішкі мүмкіндіктерін бағалау, позитивті ойлау және күйзелісті жағдайларда өзін-өзі басқару маңыздылығы туралы пікір алмасты. Психолог маман студенттерге күнделікті өмірде эмоционалдық тепе-теңдікті сақтауға және өзіне деген сенімділікті арттыруға қатысты пайдалы кеңестер берді.

Мұндай кездесулер жастардың тұлғалық дамуына ықпал етіп, өмірге саналы көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді. Өмірдің әр сәтін бағалау, өз сезімдеріне құрметпен қарау және алға ұмтылу – эмоционалдық әл-ауқаттың маңызды негіздері.
Басқа жаңалықтар