ҚазҰУ студенті дзюдодан халықаралық турнир чемпионы атанды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті медицина және денсаулық сақтау факультетінің 2-курс студенті, ұлттық құрама командасының мүшесі Азамат Күмісбай дзюдодан ересектер арасында өткен «Aktau Asian Open 2026» халықаралық турнирінде топ жарып, алтын медаль иеленді.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесқан Азамат боз кілемде қарсыластарына дес бермей, айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Жарысқа Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ұйымдастыруымен Қазақстан, Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Черногория, Ресей және Өзбекстан елдерінен 182 спортшы қатысты.

Дзюдодан ҚР спорт шебері Азамат Күмісбай – К.Ахметов атындағы РМИ түлегі. Қара шаңырақ ҚазҰУ-дағы жеке бапкері – Дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы, самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрғалым Теміров.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар