«Егемен елдің құқықтық негіздері: тарих және тағылым» атты салтанатты іс-шара өтті — ҚазҰУ

«Егемен елдің құқықтық негіздері: тарих және тағылым» атты салтанатты іс-шара өтті

20 қазан 2026
«Егемен елдің құқықтық негіздері: тарих және тағылым» атты салтанатты іс-шара өтті

20 қазан 2026 жылы сағат 14:00-де заң факультеті, азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының ұйымдастыруымен Республика күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «Егемен елдің құқықтық негіздері: тарих және тағылым» атты салтанатты іс-шара болып өтті.

Аталған шараға факультеттің басшылығы оның ішінде факультет декены з.ғ.к., профессор Ахатов У.А. деканның оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары з.ғ.к., доцент Турсынкулова Д.А. және кафедра меңгерушісі з.ғ.д., профессор Балашов Т.Т. және факультет профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар мен студенттер белсенді қатысты. Жиынның басты мақсаты — еліміздің егемендік алған сәттен бастап бүгінгі күнге дейінгі даму жолын саралап, ұлттық заңнаманың қалыптасу тарихы мен болашақ даму үрдістерін талқылау болды. Атаулы жиын ел тәуелсіздігі мен егемендігінің қалыптасу жолындағы құқықтық реформалардың рөлін саралап, жас ұрпақтың отансүйгіштік сезімін арттыруды мақсат етті.

Жиын барысында Қазақстанның құқықтық жүйесінің қалыптасу тарихы, азаматтық және еңбек құқығы саласындағы маңызды жетістіктер мен алдағы міндеттер талқыланды. Сондай-ақ еліміздің негізгі заңдарының қабылдануы мен даму кезеңдері туралы мазмұнды баяндамалар жасалды.

Мерекелік іс-шара барысында қатысушылар Қазақстанның құқықтық жүйесінің жетістіктері мен мемлекеттілікті нығайтудағы заң ғылымының рөлін кеңінен сөз етті. Профессор-оқытушылар құрамы мен жас ғалымдар егемендіктің құқықтық іргетасын қалаудағы тарихи шешімдер мен қазіргі заманғы заңнамалық реформалар туралы мазмұнды баяндамалар жасады.

305-аудиторияда ұйымдастырылған бұл жиын тәуелсіздіктің 35 жылдық белесіндегі заң ғылымы мен білімінің жетістіктерін қорытындылап, болашақ заңгерлерге тарихи тағылым беру тұрғысынан жоғары бағаланды. Шара соңында құқықтық мемлекеттің дамуына үлес қосып жүрген оқытушылар мен ғылым жолындағы жастарға құрмет көрсетілді.

Іс-шара аясында тәуелсіздік жылдарындағы құқықтық мемлекет құру ісіне елеулі үлес қосқан білікті мамандар мен ұстаздар қауымына құрмет көрсетіліп, студенттердің қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.

            Ұйымдастырушылар атап өткендей, бұл шара мемлекеттілігіміздің құқықтық негіздерін қастерлеуге және болашақ заңгерлердің кәсіби жауапкершілігін арттыруға септігін тигізеді.