ҚазҰУ студенті Азия кубогының қола жүлдегері атанды — ҚазҰУ

ҚазҰУ студенті Азия кубогының қола жүлдегері атанды

21 қазан 2026
ҚазҰУ студенті Азия кубогының қола жүлдегері атанды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті медицина және денсаулық сақтау факультетінің 2-курс студенті Асылхан Зинуллин дзюдодан ересектер арасында өткен Азия кубогында қола медаль жеңіп алды. 

Ақтау қаласында өткен халықаралық бәсекеге Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Беларусь, Черногория және Ресейден 182 татами шебері қатысты. Жарыс барысында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Асылхан шеберлік танытып, жеңіс тұғырынан көрінді.

Асылхан Зинуллин – Кәркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің түлегі, дзюдодан ҚР спорт шебері және ұлттық құрама мүшесі.

Спортшы халықаралық аренада тұрақты түрде жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Ол бұған дейін де Варшавада (Польша) өткен Еуропа кубогы мен Тайбэйдегі Азия кубогында қола жүлде иеленген болатын.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі