Туризм және геокеңістіктік технологиялар
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Туризм» білім беру бағдарламасының 1–2 курс магистранттары Молдагалиева А. Е. бастамасымен және қолдауымен, оқытушы Саткали И. Қ.-мен бірге «Farabi GIS» геокеңістіктік ғылымдар орталығына танымдық сапар жасады.
Орталықтың ғылыми жұмыстары геоақпараттық жүйелерді, Жерді қашықтан зондтау деректерін және кеңістіктік талдау әдістерін қолданумен байланысты. Бұл технологиялар табиғи үдерістерді зерттеуге, қоршаған ортадағы өзгерістерді бақылауға және аумақтарды бағалауға мүмкіндік береді.

Сапар барысында магистранттар топырақ эрозиясы мен шөлейттенуді бағалау, мореналық көлдерді бақылау және табиғи қауіптерді зерттеу бағытындағы жобалармен танысты. Сондай-ақ жерсерік модельдерін көріп, ғарыштық технологиялардың ғылыми зерттеулерде қолданылуы туралы ақпарат алды.
Кездесу туристік ресурстарды картаға түсіру, маршруттарды жоспарлау және туристік аумақтардың қауіпсіздігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі геоақпараттық технологиялардың маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
.jpeg)
Мазмұнды таныстырылым мен жылы қабылдау үшін орталық мамандарына алғыс білдіреміз!