- Басты бет
- Жаңалықтар
- Метеорология және гидрология кафедрасында докторанттарға арналған апталық ғылыми семинарлар басталды
Метеорология және гидрология кафедрасында докторанттарға арналған апталық ғылыми семинарлар басталды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің метеорология және гидрология кафедрасында докторанттар мен жас зерттеушілерге арналған апталық ғылыми семинарлар сериясы басталды. Бастаманың мақсаты ғылыми пікірталас мәдениетін дамыту, зерттеу тәжірибесімен алмасу және ғылыми жұмыстарды жетілдіруге бағытталған сындарлы кері байланыс ұсыну.
Алғашқы семинарда кафедраның үш докторанты-Рыскельдиева А. М., Юшина Ю. С. және Монкаева Г. Е. — өздерінің диссертациялық зерттеулерін таныстырды. Баяндамалар гидрология, климатология және климаттың өзгеруі мәселелеріне арналды:
-Қазақстанның ірі су артерияларының бірі — Ертіс өзенінің су сапасын зерттеу;
-CMIP6 климаттық проекциялары негізінде Қазақстанның тау курорттарының климаттық ресурстарын бағалау;
-климаттың өзгеруінің Іле-Балқаш бассейніндегі су бетінен булануға әсерін бағалау.

.jpeg)
Докторанттар зерттеулерінің негізгі бағыттарын, қолданылатын әдіснамалық тәсілдерін, алынған нәтижелері мен алдағы ғылыми жұмыс жоспарларын таныстырды. Семинар ашық ғылыми пікірталас форматында өтті. Оқытушылар мен докторанттар зерттеу нәтижелерін талқылап, өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.
Апталық ғылыми семинарлар диссертациялық зерттеулердің аралық нәтижелерін таныстыруға, ғылыми идеялармен алмасуға және кафедраның академиялық ынтымақтастығын нығайтуға арналған тұрақты алаңға айналмақ.