Метеорология және гидрология кафедрасында Scopus және SciVal платформаларын пайдалану бойынша ғылыми-практикалық семинар өтті — ҚазҰУ

Метеорология және гидрология кафедрасында Scopus және SciVal платформаларын пайдалану бойынша ғылыми-практикалық семинар өтті

16 қазан 2026
Метеорология және гидрология кафедрасында Scopus және SciVal платформаларын пайдалану бойынша ғылыми-практикалық семинар өтті

2026 жылдың 11-ші қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің метеорология және гидрология кафедрасында Scopus халықаралық ғылыми деректер базасы мен SciVal аналитикалық платформасын тиімді пайдалануға арналған ғылыми-практикалық семинар өтті. Іс-шара аралас форматта ұйымдастырылды.

Семинарға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдары мен докторанттары қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты — зерттеушілердің ғылыми әдебиеттерді іздеу және талдау, жарияланымдық белсенділікті бағалау, сондай-ақ ғылыми қызметті жоспарлау барысында заманауи наукометриялық құралдарды пайдалану бойынша құзыреттерін арттыру.

 

Семинар барысында қатысушылар Scopus платформасының ғылыми жарияланымдарды іздеу, дәйексөз көрсеткіштерін талдау және өзекті зерттеулерді қадағалау мүмкіндіктерімен танысты. Сонымен қатар ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелілігін бағалауға, перспективалы ғылыми бағыттарды анықтауға, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты талдауға және жаһандық ғылыми үрдістерді айқындауға мүмкіндік беретін SciVal аналитикалық құралдарына ерекше назар аударылды.