Студенттер арасында мәдени-этикалық құндылықтарды қалыптастыру
«Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттерінің эдвайзері Байботаева Айгуль Диханбаевна мәдени-этикалық ұстанымдарды қалыптастыруға бағытталған кураторлық сабақ өткізілді.
Кураторлық сабақтың негізгі мақсаты – студенттердің бойында жоғары мәдениеттілік, адамгершілік, әдептілік, өзара сыйластық және жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру, сондай-ақ олардың қоғамдық ортада өзін дұрыс ұстау, қарым-қатынас мәдениетін сақтау және академиялық саясатта көрсетілгендей студенттің мұғалімге, мұғалімнің студентке құрметі жайлы айтылды. Сонымен қатар студенттер арасында өзара түсіністік пен сенімді қарым-қатынас орнатудың, академиялық адалдық қағидаттарын сақтаудың және университеттің ішкі тәртіп ережелерін орындаудың маңыздылығы атап өтілді.
Іс-шараның тәрбиелік мәні – студенттердің тұлғалық дамуына ықпал ету, олардың бойында адамгершілік құндылықтарды нығайту және мәдениетті, саналы, жауапты азамат болып қалыптасуына қолдау көрсету. Мұндай кураторлық сабақтар жастардың қоғамдық ортадағы белсенділігін арттырып, университеттегі қолайлы психологиялық ахуалды, өзара құрмет пен ынтымақтастық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.