Еңбектің еленуі – атқарылған жұмыстың нәтижесі әрі үлкен жауапкершілік — ҚазҰУ

Еңбектің еленуі – атқарылған жұмыстың нәтижесі әрі үлкен жауапкершілік

22 қазан 2026
Еңбектің еленуі – атқарылған жұмыстың нәтижесі әрі үлкен жауапкершілік

 

2024–2026 жылдар аралығында діни тұрақтылықты нығайту, конфессияаралық келісімді сақтау және діни экстремизмнің алдын алу бағытында атқарған еңбектері үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының доценті Қаңтарбаева Жанна Орынбасарқызы мен аға оқытушы Кудерина Айжан Нұрхамитқызы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің және Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Бұл марапаттар – атқарылған жұмыстың лайықты бағасы ғана емес, сонымен қатар діни келісім мен қоғамдық тұрақтылықты нығайту жолындағы кәсіби жауапкершілік пен адал қызметке көрсетілген құрмет.

Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтап, алдағы қызметтеріне толағай табыс, жаңа жетістіктер мен шығармашылық шабыт тілейміз!