Республика күні: ҚХР консулдығымен кездесу — ҚазҰУ

Республика күні: ҚХР консулдығымен кездесу

23 қазан 2026
Республика күні: ҚХР консулдығымен кездесу

22 қазанда Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында таяуда өтетін ҚазақстанРеспубликасының Республика күніне арналған мерекелікіс-шара өтті. Кездесу аясында Қытай ХалықРеспубликасының Бас консулдығының өкілдерімен берекеліде шабыттандырарлық жүздесу ұйымдастырылды.

Салтанатты жиынға Жоғары оқу орнына дейінгі білімберу факультетінің деканы А.А. Бектанов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций институтыныңдиректоры Асылбеков Р., құрметті қонақтар — ҚХР консулы Хуан Сяомин және дипломатиялық миссия өкілдері, сондай-ақ оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.

Дипломатиялық қонақтар жиналғандардыҚазақстанның басты ұлттық мерекесімен ыстық ықыласпенқұттықтап, бейбітшілік, гүлдену мен оқуда табыстар тіледі. Достық пен қолдаудың белгісі ретінде консулдық өкілдерістуденттерге естелік сыйлықтар табыс етті.

Кездесу ашық әрі сенімді атмосферада өтті: білімалушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, бағалыкеңестер алды. Іс-шараға ерекше сән берген музыкалықбағдарлама болды — қазақстандық студенттер ұлттық аспапдомбырада шебер әрі әуезді күйлер орындады.

Өткізілген бұл шара Қазақстан мен Қытай арасындағыберік достықтың, өзара түсіністіктің және белсенді мәдени-білім беру ынтымақтастығының жарқын дәлелі болды.