- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қытайтану кафедрасының меңгерушісі Фарида Оразақынқызы Ланьчжоу университетінің шақырылған профессоры атанды
Қытайтану кафедрасының меңгерушісі Фарида Оразақынқызы Ланьчжоу университетінің шақырылған профессоры атанды
Қытайтану кафедрасының меңгерушісі Фарида Оразақынқызы Ланьчжоу университетінің шақырылған профессоры атанды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Фарида Оразақынқызы Қытай Халық Республикасының жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Ланьчжоу университетінің (Lanzhou University) шақырылған профессоры атағына ие болды.
Ланьчжоу университетінің президенті, профессор Ян Юнпиннің (Yang Yong-Ping) қолы қойылған ресми тағайындау құжатына сәйкес, Фарида Оразақынқызына үш жыл мерзімге шақырылған профессор мәртебесі берілді.
Бұл тағайындау – ғалымның қытай тілі мен әдебиетін, мәдениетін және халықаралық қытай тілін оқыту мәселелерін зерттеу саласындағы ғылыми-педагогикалық қызметіне берілген жоғары баға. Сондай-ақ ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Ланьчжоу университеті арасындағы академиялық байланыстарды нығайтуға, ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге және білім беру саласындағы тәжірибе алмасуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Аталған мәртебе екі университет арасындағы халықаралық ғылыми байланыстарды дамытуға, бірлескен зерттеулер жүргізуге, академиялық тәжірибе алмасуға және қытайтану саласындағы ғылыми-білім беру ынтымақтастығын одан әрі ілгерілетуге ықпал етеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Фарида Оразақынқызын осы маңызды жетістігімен құттықтап, халықаралық ғылыми ынтымақтастық жолындағы қызметіне табыс тілейді!
Басқа жаңалықтар