- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өкілдері ШЫҰ университеті мен ТМД ЖУ желісінің сарапшылар топтарының отырысына қатысты
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өкілдері ШЫҰ университеті мен ТМД ЖУ желісінің сарапшылар топтарының отырысына қатысты
2026 жылғы 14 қазанда Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университетінің (РХДУ) Экономика факультетінде ШЫҰ университеті мен ТМД ЖУ желісінің сарапшылар топтарының отырысы өтті. Іс-шара РХДУ Экономика факультетінің 65 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жаһандық экономиканың өзекті мәселелері» атты конференциясы аясында өткізілді.
Кездесудің негізгі тақырыптары халықаралық білім беру ынтымақтастығын дамыту, бірлескен білім беру бағдарламаларын жетілдіру және университеттер арасында тәжірибе алмасу болды. Талқылау қолжетімді, әрі сапалы білім беруді қамтамасыз етуге және өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты — «Сапалы білім»аясында өтті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің атынан Ахметова Зауреш Болатхановна, ШуреновНурсултан Бекетович және Нұрғазы Шыңғыс қатысты.Ахметова Зауреш Болатхановна мен Шуренов Нурсултан Бекетович «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және Бизнес Жоғары мектебінің ШЫҰ университеті мен ТМД ЖУ желісі аясындағы қызметі» тақырыбында баяндама жасады. Олар Экономика және Бизнес Жоғары мектебінің білім беру және ғылыми қызметінің негізгі бағыттарын, экономикалық бейіндегі мамандарды даярлау ерекшеліктерін және халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін таныстырды. Университеттер арасындағы ынтымақтастықтың білім беру бағдарламаларын жетілдірудегі, кәсіби тәжірибе алмасудағы және білікті мамандарды даярлаудың заманауи тәсілдерін енгізудегі рөліне ерекше назар аударылды. Мұндай бастамалар академиялық байланыстарды нығайтуға және жоғары білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Нұрғазы Шыңғыс «ТМД ЖУ желісі аясындағы бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша ынтымақтастық» тақырыбында баяндама ұсынды.Баяндамада университеттер арасындағы академиялық өзара іс-қимылды кеңейтуге және білім алушылар үшін қосымша мүмкіндіктер жасауға ықпал ететін бірлескен білім беру бастамаларын дамытудың маңыздылығы қарастырылды.Отырыс модераторлары Андронова Инна Витальевна мен Соколан Дарья Сергеевна болды. Кездесудің басында Андронова Инна Витальевна алғы сөз сөйлеп, ШЫҰ университеті мен ТМД ЖУ желісі аясындағы университеттердің қызметі туралы есеп ұсынды. Сондай-ақ РХДУ-ның Бастамашыл жобалар және салааралық әріптестік орталығының директоры Ефремова Лариса Ивановна аталған желілерге қатысатын университеттердің қызметі мен жұмысының негізгі бағыттары туралы ақпарат берді. Пікірталасқа РХДУ өкілдері А. В. Лукина, В. И. Нога, С. А. Балашова, К. Г. Гомонов, С. Ю. Черников, Д. А. Динец, Э. А. Гомонко, А. В. Вавилина және Е. В. Колганова қатысты. Қатысушылар университетаралық ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылап, ұсынылған баяндамалар мен жаңа бірлескен бастамаларды іске асыру мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасты. РХДУ-ның цифрлық магистратурасының таныстырылымы ерекше қызығушылық тудырды. Университет өкілдері оның тұжырымдамасы, оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері және магистранттарды даярлауда цифрлық технологияларды пайдалану мүмкіндіктері туралы кеңінен баяндады. Бұл білім беру форматы жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру, икемді білім беру траекторияларын дамыту және академиялық тәжірибеге заманауи цифрлық шешімдерді енгізу тұрғысынан маңызды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өкілдерінің отырысқа қатысуы Экономика және Бизнес Жоғары мектебінің тәжірибесін халықаралық сарапшылық алаңда таныстыруға, әріптестермен тәжірибе алмасуға және одан әрі ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді. Бірлескен білім беру бағдарламалары мен оқытудың цифрлық форматтарын талқылау академиялық әріптестікті нығайтуға және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсатының 4-мақсаты — «Сапалы білімді» іске асыруға ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар