ҚазҰУ-ті Қытай Ғылым Академиясымен ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуде
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінің Метеорология және гидрология кафедрасының профессоры Виталий Сальников және профессор Александр Ульманмен бірге ҚХР-дың Үрімші қаласында өткен халықаралық ғылыми іс-шараға қатысты.
Сапар Қытай ғылым академиясының Шыңжаң экология және география институтының (Xinjiang Institute of Ecology and Geography, Chinese Academy of Sciences, XIEG CAS) шақыруымен өтті және климаттың өзгеруі, табиғи қауіп-қатерлер, су ресурстары, атмосфералық ауаның сапасы және тұрақты даму салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталды. Сапардың негізгі іс-шарасы 2026 жылғы 17–19 қазанда Үрімші қаласында өткен Symposium on High-Quality Development of Academic Journals халықаралық симпозиумы болды. Симпозиум аясында Journal of Arid Land және Regional Sustainability халықаралық журналдарының редакциялық алқа отырыстары, сондай-ақ жаңа халықаралық ғылыми Water and Environment журналының ашылу рәсімі өтті.
Сапардың маңызды нәтижелерінің бірі – профессор Виталий Сальниковтың 2026–2031 жылдар аралығында жаңа халықаралық Water and Environment журналының редакциялық алқа мүшесі болып тағайындалуы болды. Бұл ҚазҰУ-дың халықаралық ғылыми-баспа кеңістігіндегі өкілдігін кеңейтіп, академиялық ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.


Симпозиум барысында Виталий Сальников пен Александр Ульман жасанды интеллект, ГАЖ, Жерді қашықтан зондтау және модельдеу әдістерін климат әсерінен туындайтын табиғи қауіп-қатерлер мен атмосфералық ауаның ластануын бағалауда қолдануға арналған бірлескен зерттеулерін ұсынды.
Профессор Yang Yu және XIEG CAS ғалымдарымен өткен жұмыс кездесулерінде алдағы ынтымақтастықтың нақты бағыттары талқыланды. Олардың қатарында бірлескен ғылыми жарияланымдар дайындау, халықаралық зерттеу жобаларын әзірлеу, деректер мен әдістер алмасу, сондай-ақ Қазақстан мен Қытайдың ғылыми топтары арасындағы ұзақ мерзімді өзара іс-әрекеттерді дамыту бар. Ынтымақтастық қазірдің өзінде нақты ғылыми нәтижелер беруде. 2026 жылы Regional Sustainability журналында Қытай, Қазақстан және Польша зерттеушілерінің “Spatiotemporal heterogeneity of runoff in Tajikistan and its driving mechanisms under climate change” атты бірлескен мақаласы жарияланды. Ынтымақтастықты одан әрі дамыту аясында профессор Yang Yu ҚазҰУ докторантының шетелдік ғылыми кеңесшісі болуға дайын екенін де растады.
«Қытай ғылым академиясындағы әріптестерімізбен ынтымақтастығымыз жекелеген ғылыми байланыстардан жүйелі жұмысқа – бірлескен жарияланымдарға, докторанттарды даярлауға және жаңа халықаралық жобаларды әзірлеуге көшуде. ҚазҰУ үшін бұл Орталық Азиядағы климаттық және экологиялық тәуекелдерді зерттеуді дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады», – деді профессор Виталий Сальников.