Заң факультетінде 1 курс студенттерімен кездесу өтті — ҚазҰУ

Заң факультетінде 1 курс студенттерімен кездесу өтті

2 қыркүйек 2026
Заң факультетінде 1 курс студенттерімен кездесу өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің 1 курс студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы белсенді қатысты. Іс-шара барысында студенттерге кафедраның қызметі, білім беру үдерісі және алдағы оқу жылында атқарылатын жұмыстар туралы ақпарат берілді.
Кездесуге кафедра меңгерушісі, профессор Қуаналиева Г.А. қатысып, білім алушыларды университет қабырғасына қадам басуымен құттықтады. Сонымен қатар студенттерге оқу барысында белсенділік танытып, білімдерін тереңдетуге, өз қабілеттерін дамытуға және таңдаған мамандықтарының білікті маманы болуға ұмтылу қажеттігін атап өтті.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оқытушылардан қажетті кеңестер алды.
Кафедра ұжымы жас білім алушыларға сәтті оқу жылын, толағай табыс пен кәсіби дамуды тілейді!