«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында сенбілік
12 қыркүйек 2026
12 қыркүйек күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шараға Заң факультетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының 109-академиялық тобы және куратор-эдвайзері Бақыт Сара Буркитбекқызы белсенді қатысты.
Сенбілікке кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Куаналиева Гульдана Амангельдиевна және деканның әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Есламғалиев Жақсылық Русланұлы қатысып, студенттерге қолдау көрсетті.
Сенбілік жоғары деңгейде ұйымдастырылып, барша студенттер ұйымшылдық пен белсенділік танытты. Бірлесе атқарылған жұмыстар нәтижесінде университет аумағы абаттандырылып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлесімізді қостық.
Табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау – баршамызға ортақ жауапкершілік. Осындай игі шаралар жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, туған жерге деген жанашырлық сезімін арттыра түседі.