Республика күніне арналған кураторлық сағат
27 қазанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінің 6В03206 «Медиакоммуникация» мамандығының 2 курс студенттерімен Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған кураторлық сағат өтті. Бұл – еліміздің тарихындағы маңызды күндердің бірі. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына жол ашылды. Бұл оқиға еліміздің дамуындағы жаңа кезеңнің басталуына негіз болды.
Іс-шара барысында біз осы тарихи күннің қалыптасуына негіз болған оқиғалар мен тарихи алғышарттарды, сондай-ақ Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерін жан-жақты талқыладық. Еліміздің халықаралық қауымдастықтағы орнына, мәдениет, ғылым мен технология салаларының дамуына, экономикалық өсімге және азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға қосқан үлесіне ерекше назар аудардық.

Сонымен қатар мәдени құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерді сақтаудың, тілдік және этностық әралуандықты құрметтеудің маңыздылығын атап өттік. Қазақстан халқын біріктіретін осы құндылықтар қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуда маңызды рөл атқарады. Мұндай кездесулер еліміздің тарихын тереңірек түсінуге, патриоттық сезімді қалыптастыруға және ұлттық бірегейлікті нығайтуға мүмкіндік береді.
Бұл кураторлық сағат еліміздің болашағы туралы ой бөлісіп, әрбір азаматтың мемлекет дамуына қосатын үлесін талқылауға, сондай-ақ Қазақстанның қалыптасу жолындағы маңызды тарихи оқиғалар мен жетістіктерді еске алуға тамаша мүмкіндік болды. Осындай тағылымды іс-шаралар Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, ел болашағына деген жауапкершілікті сезінуге ықпал етеді.
Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының
аға оқытушысы Кутпанбаева Ж.Б.