«Таза Қазақстан» жобасы аясындағы экологиялық акция
16 қазан 2026
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінің «Дизайн» мамандығының 1-курс студенттері «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық тақырыпта сұрақ-жауап акциясын өткізді.
Акция барысында университет студенттері мен оқытушылары арасында алдын ала дайындалған сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.
Іс-шараның мақсаты – экологиялық мәселелерге назар аудару, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру және экологиялық мәселелерді шешу жолдарын талқылау.