Халықаралық ынтымақтастық: тәжірибе алмасу және ғылыми байланыс — ҚазҰУ

Халықаралық ынтымақтастық: тәжірибе алмасу және ғылыми байланыс

8 қазан 2026
Халықаралық ынтымақтастық: тәжірибе алмасу және ғылыми байланыс
 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінде халықаралық деңгейдегі мазмұнды кездесу өтті.
Аталған басқосуды заң факультетінің деканы Ахатов Уалихан Ақыпбекұлы ашып, жүргізді. Шараға кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі Куаналиева Гульдана Амангелдиевна мен кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы, сондай-ақ Ташкент мемлекеттік заң университетінен арнайы келген з.ғ.д., профессор Топилдиев Бахромжон Рахимжонович, з.ғ.д., профессор Мехмонов Камбариддин Мирадхамович және Қытай Халық Республикасынан келген білікті заңгер мамандар қатысты.
Басқосу барысында:
* Халықаралық құқықтық ынтымақтастықты дамыту;
* Қазіргі заманғы заң ғылымы мен білім беру саласындағы өзекті үрдістер;
* Бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру және академиялық байланысты нығайту мәселелері талқыланды.
Шетелдік қонақтармен өткен кездесу өзара тәжірибе алмасуға, болашақ бірлескен бастамаларға жаңа серпін беріп, жылы әрі іскерлік форматта қорытындыланды.