ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ХАЛЫҚТЫҢ ҚОЛДАУЫ!
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазанындағы " ЖАҢА ТАРИХИ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨЗЕКТІ МІНДЕТТЕРІ " атты Қазақстан халқына Жолдауының мағынасы тереңде жатыр. Президенттің осы жолдауы өз маңыздылығымен құнды. Қасым-Жомарт Тоқаев халқымыздың болашақтағы негізгі міндеттерін айқын көрсетті, өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған іс-әрекеттерді белгіледі, алдағы кезеңдерде шешілуі тиісті маңызды басымдықтар мен міндеттерді нақтылады, әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті озық елдердің қатарына кіру мақсатын белгіледі және оны жүзеге асыруға арналған нақты тапсырмалар берді. Халықтың әл-ауқатын арттыруға, өскелең ұрпақтың жақсы өмір сүруіне қажетті жағдайлар жасау мәселесіне де арнайы тоқталды. Адал азамат идеологиясының, отаншыл азамат болудың мақсаттарын, заңды құрметтеу, тәртіпке бағыну, жасанды интеллектіге негізделген цифрлық экономика құру, инфоқұрылымды жаңғырту, цифрлық дәуір, халықтың табысын көтеру т.б. өзекті мәселелерді қамтыды, атқарылатын міндеттерді саралап берді.
Қазіргі заманның басты қуаты деп білім мен ғылымды айрықша атады. Жаһандану заманында цифрлық технологиялар мен озық иновацияларды, жасанды интелектіні терең меңгерген ел ғана дамитынына баса назар аударды. Мемлекетке нақты ғалымдардың, кәсіби инженерлердің, ұлағатты ұстаздар мен білікті дәрігерлердің керек екендігіне де тоқталды. Отаншыл азаматтарға зор үмітпен қарайтындығын да айтып өтті. Елімізде енгізіліп жатқан ауқымды өзгерістерге тоқталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы мәселелерді іске асыруға университеттің оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері өз үлестерін қосатындығына сенеміз.
Президентіміздің : «Әділетті Қазақстанды міндетті түрде құрамыз» - , деген ойлы сөздерімен аяқталатын жолдауы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жастарын игілікті істерге итермелейді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры Қазыбек Гүлмира Құдайбергенқызы