- Басты бет
- Жаңалықтар
- Генетиканың заманауи жетістіктері: геномды зерттеуден дербестендірілген медицинаға дейін
Генетиканың заманауи жетістіктері: геномды зерттеуден дербестендірілген медицинаға дейін
2026 жылғы 27 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультеті Молекулалық биология және генетика кафедрасында «Генетиканың заманауи жетістіктері» тақырыбында кураторлық іс-шара өтті. Іс-шараның кураторлары - Жусупова А.И. және Дәулетбаева С.Б.
Іс-шара барысында студенттер қазіргі генетиканың негізгі даму бағыттарымен танысып, молекулалық биология, геномика және биоинформатика салаларындағы жетістіктердің тірі жүйелерді зерттеу тәсілдерін қалай өзгертетінін талқылады. ДНҚ секвенирлеу технологияларының дамуына, адам пангеномының қалыптасуына, генетикалық нұсқалардың реттеуші әсерлерін болжауда жасанды интеллектіні қолдануға және геномды редакциялау әдістерін жетілдіруге ерекше назар аударылды.
Талқылаудың маңызды бағыттарының бірі CRISPR технологиялары, базалық және прайм-редакциялау әдістері болды. Бұл технологиялар тұқым қуалайтын аурулардың молекулалық механизмдерін зерттеуге және жаңа терапиялық тәсілдерді әзірлеуге мүмкіндік береді. Заманауи зерттеулер мысалында студенттер генетикалық нұсқаларды дәл анықтаудың, олардың функционалдық маңызын түсіндірудің және молекулалық құралдарды нысана-жасушаларға жеткізудің рөлін қарастырды. Сонымен қатар генетикалық технологияларды қолдануда қауіпсіздік, тиімділік және биоэтикалық қағидаларды сақтау қажеттігі атап өтілді.
Іс-шара студенттердің ғылыми дүниетанымын кеңейтуге, ғылыми ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау дағдыларын дамытуға және генетикалық зерттеулердің пәнаралық сипатын түсінуге ықпал етті. Талқылау барысында тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік туралы іргелі білімдердің дербестендірілген медицина, биотехнология және ауыл шаруашылығын дамытудағы практикалық маңызы қарастырылды.
Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарымен үйлеседі. 3-мақсат - «Денсаулық және әл-ауқат» генетикалық технологиялардың ауруларды диагностикалау, алдын алу және емдеу мүмкіндіктерімен байланысты. 4-мақсат - «Сапалы білім» студенттердің ғылыми сауаттылығын, зерттеушілік ойлауын және заманауи биологиялық деректермен жұмыс істеу құзыреттерін дамыту арқылы жүзеге асырылады.
Кураторлық іс-шара генетиканың болашағын талқылауға және биология ғылымдарының жауапты дамуына жас зерттеушілердің қосатын үлесін түсінуге мүмкіндік берді.
Молекулалық биология және генетика кафедрасы
Басқа жаңалықтар