ТДМ-16. «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «ЗАҢДЫ БІЛУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ» — ҚазҰУ

ТДМ-16. «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «ЗАҢДЫ БІЛУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ»

28 қазан 2026
ТДМ-16. «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА  «ЗАҢДЫ БІЛУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультеті, Картография және геоинформатика кафедрасында «Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Заңды білу – уақыт талабы» тақырыбында құқықтық тәрбиеге арналған ашық дәріс ұйымдастырылды. Іс-шараны кафедраның аға оқытушысы Мукалиев Жандос Кайратович өткізді.

 

Ашық дәрістің негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті нығайту және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне назар аудару.

Дәріс барысында Қазақстан Республикасының заңнамасын білу мен сақтаудың маңыздылығы, азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері, заң алдындағы жауапкершілік және қоғамдағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар күнделікті өмірде кездесетін құқықтық жағдайлар, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік, жеке деректерді қорғау және құқық бұзушылықтың ықтимал салдары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аға оқытушы Жандос Кайратович өз дәрісінде заңды білу әрбір азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың маңызды шарты екенін атап өтті. Құқықтық сауаттылық адамның саналы шешім қабылдауына, өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауына және қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын сақтауға ықпал ететіні түсіндірілді.

Іс-шара барысында студенттер құқықтық мәселелер бойынша өз ойларын ортаға салып, күнделікті өмірде туындауы мүмкін түрлі жағдаяттарды талқылады. Ашық дәріс теориялық білімді өмірлік мысалдармен байланыстыруға және білім алушылардың құқықтық мәдениетін дамытуға бағытталды.

 

 

Іс-шара нәтижесінде студенттердің құқықтық сауаттылық, азаматтық жауапкершілік және заң талаптарын сақтау туралы түсініктері кеңейді. Осындай тәрбиелік мәні зор кездесулер жастардың құқықтық санасын қалыптастыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғамда заңға құрметпен қарау мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.

 

ЗАҢДЫ БІЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ, АЛ ЗАҢДЫ САҚТАУ – ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ МІНДЕТІ!