Жастар және жауапты тұтыну: Тұрақты болашаққа қадам» — ҚазҰУ

Жастар және жауапты тұтыну: Тұрақты болашаққа қадам»

29 қазан 2026
Жастар және жауапты тұтыну: Тұрақты болашаққа қадам»

 

2026 жылдың 29 қазанында сағат 14:00-де №17 жатақхананың акт залында Филология факультеті Шет тілдер филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы М.С. Онгарбаева «6B02303 – Иностранная филология (батыс тілдері)» ББ 3-курс студенттерімен ашық іс-шара өткізді. Кездесу тақырыбы Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) бірі — 12-ші мақсатқа: «Жауапты тұтыну және өндіріс» тақырыбына арналды.

Студенттер оқытушымен бірге табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, қалдықтарды азайту, қайта өңдеу (рециклинг) және күнделікті өмірге саналы тұтыну қағидаттарын енгізу мәселелерін талқылады. Ерекше назар пластик іздерін азайтуға, заттарға ұқыпты қарауға, энергоүнемдеуге және жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға аударылды.

Іс-шара барысында осы тақырыптың негізгі аспектілерін көрсететін бейнематериал көрсетілді. Көрнекі мысалдар әрбір адамның жеке әдеттерінің жаһандық экологияға, планета ресурстарын сақтауға және қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтуға қалай әсер ететінін көрсетіп, студенттер арасында қызу пікірталас тудырды. Аға оқытушы М.С. Онгарбаева студенттерге біржолғы пластиктен бас тартудан бастап, экологиялық бастамалар мен волонтерлік жобаларға қатысуға дейін ТДМ 12 мақсаттарына жету үшін бүгіннен бастап қандай нақты қадамдар жасай алатынын түсіндірді.

 

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы 

аға оқытушы Оңғарбаева М.С.