- Басты бет
- Жаңалықтар
- Метеорология және гидрология кафедрасында қар жамылғысының ауыр металдармен ластануына арналған ғылыми семинар өтті.
Метеорология және гидрология кафедрасында қар жамылғысының ауыр металдармен ластануына арналған ғылыми семинар өтті.
2026 жылғы 27 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінің Метеорология және гидрология кафедрасында кезекті ғылыми семинар өтті.
Семинарда Оразбаева Талшын Рыскелдіқызы «Оңтүстік-Шығыс Қазақстандағы қар жамылғысының ауыр металдар құрамы бойынша аэротехногендік ластануын бағалау» тақырыбында баяндама жасады.
.jpeg)
Семинар барысында қар жамылғысының ауыр металдармен аэротехногендік ластануы және олардың кеңістіктік таралу ерекшеліктері қарастырылды. Қар жамылғысын атмосфералық ластанудың индикаторы ретінде пайдалану, сондай-ақ ластану деңгейін бағалаудың заманауи индекстерін қолдану арқылы қоршаған ортаға антропогендік әсерді бағалау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ғылыми талқылауға Метеорология және гидрология кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен докторанттары қатысты. Қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсынылған зерттеу нәтижелері мен осы бағыттағы ғылыми жұмыстардың алдағы перспективаларын талқылады.