Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейіне танымдық экскурсия
ТДМ 4 – «Сапалы білім» аясында 2026 жылғы 22 қазанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құқықтану» мамандығының 113-топ студенттері эдвайзер Исабеков Ақылбек Кашкиновичтің жетекшілігімен Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейіне танымдық экскурсия жасады.
Экскурсия барысында студенттер қазақ халқының ұлттық өнерімен, бейнелеу өнерінің көрнекті туындыларымен және тарихи-мәдени мұраларымен танысты. Музейдегі құнды жәдігерлер мен өнер туындылары халқымыздың бай мәдениетін тереңірек түсінуге және ұлттық құндылықтарды бағалауға мүмкіндік берді.
ТДМ 4 – «Сапалы білім» мақсаты аясында ұйымдастырылған тағылымды сапар студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, эстетикалық талғамын қалыптастыруға, рухани мәдениетін дамытуға және ұлттық өнерге деген құрметін арттыруға ықпал етті.
Ұлттық өнер – халықтың рухани байлығы, ал мәдени мұраны сақтау – келер ұрпақ алдындағы маңызды міндет!
Басқа жаңалықтар