АЛҒЫС ПЕН ҚҰРМЕТ — ЕҢБЕККЕ БЕРІЛГЕН БАҒА! — ҚазҰУ

АЛҒЫС ПЕН ҚҰРМЕТ — ЕҢБЕККЕ БЕРІЛГЕН БАҒА!

29 қазан 2026
АЛҒЫС ПЕН ҚҰРМЕТ — ЕҢБЕККЕ БЕРІЛГЕН БАҒА!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, Ұлттық заң академиясының академигі Исабеков Ақылбек Қашқынұлына «ALMATY POLYTECHNIC COLLEGE» әкімшілігі атынан алғыс хат табысталды.

Алғыс хат ғалымның колледж студенттерімен «Мен Қазақстанды білемін: тарихы, рәміздері және Конституциясы» тақырыбында өткізген мазмұнды кездесуіне, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыруға қосқан үлесіне орай берілді.

Бұл — отандық құқықтық білім мен ғылымды дамытуға, жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған еңбектің лайықты бағасы.

👏 Ақылбек Қашқынұлына кәсіби қызметіне табыс, зор денсаулық және жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз!