ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына арналған талқылау өтті
*Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ):*8-мақсат : Лайықты жұмыс және экономикалық өсу.
2026 жылғы 30 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінде Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы негізгі бағыттар мен басымдықтарды талқылауға арналған іс-шара өтті.
Іс-шара барысында Президент Жолдауында көтерілген елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, саяси жаңғыру, білім мен ғылымды дамыту, цифрландыру, жастарды қолдау және ұлттық құндылықтарды сақтау мәселелері қарастырылды.
Талқылау барысында Қазақстанның болашақ даму бағыттары, мемлекеттік саясаттың басымдықтары және қоғамның тұрақты дамуына бағытталған міндеттер жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар Жолдауда белгіленген мақсаттарды жүзеге асырудағы білім беру жүйесінің, жоғары оқу орындарының және жас ұрпақтың рөліне ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында қатысушылар Президент Жолдауының негізгі тұжырымдарына қатысты өз ойларын ортаға салып, елдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік дамуына байланысты сұрақтарды талқылады. Іс-шара студенттердің азаматтық жауапкершілігін арттыруға, елдегі маңызды саяси және қоғамдық үдерістер туралы білімдерін кеңейтуге бағытталды.
Аталған іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының 16-мақсаты — «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» қағидаттарымен үндесіп, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға және жауапты азаматтық ұстанымды дамытуға ықпал етеді.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: Дінтану және мәдениеттану кафедрасы оқытушылары Мұқан Нұрзат, Каупенбаева Самал
Басқа жаңалықтар