2026 жылғы 15 қазанда Журналистика факультетінің «Қоғаммен байланыс» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттеріне «Адал автор – сапалы басылым!» тақырыбында құқықтық тәрбие бағытындағы кураторлық сағат өткізілді.
Кураторлық сағатты топ кураторы, филология ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессор Б. Иманғалиев жүргізді. Кездесу барысында студенттерге авторлық адалдық, академиялық жауапкершілік және сапалы басылым дайындаудағы құқықтық нормалардың маңызы туралы жан-жақты түсіндірілді.
Сабақ соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Кездесу мазмұнды әрі танымдық тұрғыда пайдалы өтті.