- Басты бет
- Жаңалықтар
- 📢 «Информатика және қолданбалы математика» атты XI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
📢 «Информатика және қолданбалы математика» атты XI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
📢 «Информатика және қолданбалы математика» атты XI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
2026 жылғы 7–11 қазан аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінде «Информатика және қолданбалы математика» атты XI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
🌍 Халықаралық конференцияға шетелдік ғалымдар мен оқытушылар, сондай-ақ ҚазҰУ-дың профессор-оқытушылар құрамы қатысып, өзекті ғылыми мәселелерді талқылады және ғылыми тәжірибелерімен бөлісті.
Конференция аясында информатика, қолданбалы математика, жасанды интеллект және заманауи цифрлық технологиялар бағытындағы ғылыми зерттеулер мен инновациялық әзірлемелерге ерекше назар аударылды.
🤝 Іс-шара халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және жаңа ғылыми байланыстар орнатуға мүмкіндік берді.
Ғылым мен білімнің дамуына үлес қосып, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған осындай ғылыми іс-шаралардың маңызы зор!
#ҚазҰУ #АқпараттықТехнологиялар #ЖасандыИнтеллект #ХалықаралықКонференция #Информатика ҚолданбалыМатематика Ғылым