ҚазҰУ оқытушысы BE WOMAN ASIA 2026 халықаралық форумына ментор ретінде қатысты
"ҚазҰУ оқытушысы BE WOMAN ASIA 2026 халықаралық форумына ментор ретінде қатысты
2026 жылғы 15 қазанда Алматы қаласындағы Республика сарайында өткен BE WOMAN ASIA 2026 халықаралық форумына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының зерттеуші доценті, PhD Әсел Ғалымжанқызы Оспан ментор ретінде қатысты.
Форум аясында MENTOR HUB алаңындағы «Өмірді өзгертетін ғылым» (Наука, которая меняет жизнь) атты менторлық сессияда «Ғылымда жасанды интеллектті қолдану: күнделікті міндеттерді автоматтандыру және шығармашылық әлеуетті дамыту» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.
Өткізілген уақыты: 13:20–13:50, сұрақ-жауап сессиясы – 13:50–14:10.
Кездесу барысында жасанды интеллект технологияларын ғылыми зерттеулерде пайдалану, қайталанатын жұмыстарды автоматтандыру, зерттеушілердің уақытын үнемдеу және шығармашылық әлеуетін дамыту мүмкіндіктері талқыланды.
Бұл қатысу университеттің жасанды интеллект саласындағы ғылыми әлеуетін халықаралық деңгейде таныстыруға, ғылым мен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға және заманауи технологияларды кеңінен насихаттауға мүмкіндік берді.
#kaznu #ai #bigdata #жасандыинтеллект #казну"
Басқа жаңалықтар