ҚазҰУ-да қауіпсіздік қызметінің киім үлгісі жаңарды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жағдаяттық басқару орталығының 10 жылдығына орай, қызметкерлерге жаңа үлгідегі арнайы киім жиынтықтары мен байланыс құралдары табысталды.
Мерейтойлық шара аясында орталықтың 145 маманы жаңа киіммен қамтамасыз етілді. Сыртқы бекеттерде кезекшілік атқаратын 21 маманға қысқы сырт киім мен жарық шағылыстыратын жилеттер берілді. Сондай-ақ жедел әрі үздіксіз байланысты қамтамасыз ету мақсатында 30 қызметкерге рация үлестірілді.

Бүгінде ҚазҰУ-дың Ішкі бақылау қызметінде 149 маман еңбек етеді. Олардың 142-сі университет кампусы мен аумағында қауіпсіздікті тікелей қамтамасыз ету міндетін атқарады.

Бастама мамандардың еңбек жағдайын жақсартып, жұмыс тиімділігін арттыруға және университет аумағындағы қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.





Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар